Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жедел жәрдем жүргізушісі өзін таяқтаған тұрғыннан 5 млн теңгені не үшін сұрағанын айтты

Жедел жәрдем жүргізушісі өзін таяқтаған тұрғыннан 5 млн теңгені не үшін сұрағанын айтты
стоп кадр "Бірақ" бағдарламасынан.
Төреғали Берікқалиұлы: менің кредитімді кім төлейді?

Қарағандыда жедел жәрдем көлігін дұрыс қоймаған жүргізушіні  қала тұрғыны аяусыз ұрып, желіде жағдайдың видеосы тарап кеткен еді. Алдымен соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі  Төреғали  Берікқалиұлы  қызу қанды азаматты кешіргенін айтқан еді. Қазір, сот істі қарауға алды. Енді жүргізуші өзін ұрған азаматтан 5 млн теңге беруін талап етіп отыр. Мұндай мәлімдемені естіген жұрт оқиғаның күрделеніп бара жатқанына қайран қалған еді. Хабар арнасындағы "Бірақ" бағдарламасына қатысқан жүргізуші оның себебін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Ия мен басында барлығын тыныш жабуға тырысқан едім. Енді 5 млн теңге өтемақы сұраймын. "Ол неге сонша көп" деп сөгіп жатқандарды да білемін. Бірақ менің денсаулығыма айтарлықтай зиян келді. Емделдім, ота жасаттым. Қандай дәрілер алып жүргенімді білмейсіздер. Жұмыстан уақытша босадым. Менің кредиттерімді кім төлейді екен, денсаулығыммен айналысып жүргенде",-деді жедел жәрдем жүргізушісі.

Студия қонақтарының арасынан жедел жәрдем  жүргізуші мұның барлығынан хайп үшін жасап отыр дегенді алға тартты. Ал соққыға жығылған жүргізуші болса эфирді пайдаланып өзінің бірнеше талабы мен өтініші барын айтып қалды.

"Жедел жәрдем қызметкерлеріне полиция сияқты құқығы, денсаулығы, жеке басының қауіпсіздігі қорғалатын заң шығарылуы керек полиция сияқты. Науқасты құтқару жолында өзіміздің таяқталуымыз дұрыс емес. Күніне ондаған қан, ауыр жағдайдағы адамдарды көреміз. Сол себепті зейнетке бізді ерте шығарулары керек",-деген ұсыныстарын айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар