Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адвокат сот залында Бишімбаевтың Нүкеноваға айына 5-6 млн теңге аударып отырғанын айтты

Адвокат сот залында Бишімбаевтың Нүкеноваға айына 5-6 млн теңге аударып отырғанын айтты
Сондай-ақ ол Нүкенованың әкесіне қатысты да тергеудің басталуын сұрады.

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында күдіктінің әйелінің есепшотына айына 5-6 млн теңге аударып отырғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Тергеу жүйелі түрде ұрып-соғу болғанын дәлелдемеген, әсіресе, зорлық-зомбылықпен жасалған қылмысты дәлелдемеген. Ал материалдық тәуелділікті айтар болсақ, Бишімбаевтың айына ұсақ шығындарына деп Нукеноваға айына 5-6 млн теңгеден астам қаражат аударып отырғанын ескерсек, дәлелденбеген, өтініш хатқа осы барлық аударымның құжаты бірге беріліп отыр", - деді адвокат Назкен Құсайынова.

Сондай-ақ ол Нүкенованың әкесіне қатысты да тергеудің басталуын сұрады.

"Біз өз өтінішімізде аты-жөні аталған психиатрларды, психологтарды анықтап, олардан да, басқа куәгерлерден де жауап алуды сұрадық. Нүкенованың әкесіне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бойынша сұрау салуды, Нүкенованың досынан жауап алуды, Нүкенованың дене жарақаты іздерін көргенін мәлімдеген оның қыздарын қылмыстық жауапкершілікке тартуды (сұрадық - авт.еск.)", - деді Құсайынова сот залында.

Айта кетейік, бүгін түстен кейін басталған сот отырысына журналистер алынған жоқ.

Еске салсақ, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынған.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар