Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бәрін сот шешеді": Бишімбаевтың анасы тілшілерге жауап берді

"Бәрін сот шешеді": Бишімбаевтың анасы тілшілерге жауап берді
коллаж kyn.kz. azattyq.org. Сот залының алдында тұрған Альмира Нұрлыбекова. Сот залына жеткізіліп жатқан Қуандық Бишімбаев.
Қуандық Бишімбаевтың анасы тілшілердің қойған сұрағына жауап берді.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші сот отырысына журналистер кіргізілмеді. Ал отырыстың алдында анасы Қуандық Бишімбаевтың Альмира Нұрлыбекова тілшілердің сауалына жауап беруге аса құлықты болмады, деп хабарлайды Qaz365.kz порталына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Мұхамади кеше Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бұл процеске адвокат ретінде қатысатынын айтқан. Бүгін өзі де растап.  қоғамдық қорғаушысы ретінде келгенін жеткізді.

Тілшілер Нұрлыбековадан ұлына қандай үкімді әділ деп санайтынын сұрады. Ол "бәрін сот шешеді" деп қысқа қайырды. 

Әкесі кезінде Мәжіліс депутаты болған Уәлихан Бишімбаев сот отырысына келмеген.

Экс-министр Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар