"Шабаданға тыға алмайм": домбырасына ақша сұраған FlyArystan-ға наразы Жүнісова Тоқаевқа үндеу жариялады (видео)
- автор Admin
- 12 наурыз, 2024
- 2.7k
Танымал эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова домбырасы мен концерттік бас киімін өткізбей қойған FlyArystan әуекомпаниясына наразылығын білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
İnstagram парақшасында әнші арнайы видео түсіріп, әуекомпанияның бұл қылығына наразы екенін жеткіген.
"Құрметті халайық, мен әуежайда отырмын. VIP-тан өтіп жатырмын. Қарағандыда концертім. Менің домбырам мен бас киіміме "Мұндай жүкті өткізуге болмайды, бірақ кішкентай шабаданыңызды алып өте беріңіз" дейді. Сіздер сонымен келісесіздер ме, әуежайдың бастықтары, Air Astana, FlyArystan? Бас киімді шабаданға тыға алмаймын, майысып қалады", - дейді Жүнісова видеоүндеуде.
60 жылдық мерейтойына арналған кезекті Қарағанды гастрольдік сапарына жол тартқан әнші аспабы мен бас киіміне бола бөлек орын сатып алуға мәжбүр болғанын айтады.
"Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің қазақтың домбырасын өткізбей, осындай жағдай болып жатыр. Енді гастрольге шықпаймын. Заңды өзгертпесеңіздер, гастрольге бармаймыз", - деді ол.