Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас прокуратура Бишімбаев ісі бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті

Бас прокуратура Бишімбаев ісі бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті
turaninfo.kz. прокуратура ғимараты, Бишімбаев.
Бұған дейін марқұм Нүкенованың туыстары "Бишімбаев жазаны жеңілдету мақсатында кей журналистер мен блогерлер арқылы өзін ақтайтын материалдар жаздыруда" деген еді.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қоғам назарын жалған ақпараттарға қарату және соттың істі қарауына әсер ету жұмыстары жүріп жатқаны жайлы бейресми ақпараттар осыған дейін көп айтылды. енді Бас прокуратура соттың істі қарауына ықпал еткісі келіп, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Мұндай ақпаратты таратуды сотқа нақты іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруға жол бермеу мақсатында ықпал ету нысаны ретінде қарастыруға болады. Сот қызметіне араласуға жол берілмейді және оған сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық кодексінің “жалған ақпарат тарату” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар