Жауын, көктайғақ, найзағай: 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- 13 наурыз, 2024
- 1.3k
Синоптиктер 14-16 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атлантикалық циклон Қазақстан территориясына кезекті жылу алып келеді.
Онымен байланысты температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын, көбіне жаңбыр түрінде жауады, республиканың оңтүстігінде найзағай күркірейді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман, көктайғақ байқалатын болады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.
Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 14 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.
Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында атмосфералық фронттарға байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Республиканың қалған өңірлерінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын. Желдің күші 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел екпіні - 20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ пен боран соғады. Ж ел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.