Мәдениет
"Қылмыңдады": Әділгерейдің әйелі күйеуінің өзгергенін айтты (видео)
- автор Admin
- 13 наурыз, 2024
- 4.0k
Бақыт Тұман: "Қайрат 40-қа дейін қылмыңдады".
Актер Қайрат Әділгерейдің келіншегі Бақыт Тұрманның "ХабарLike" бағдарламасында күйеуінің өзгергенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Биыл жұбайлардың отау құрғанына 18 жыл толған. Бұл уақытқа дейін мінезі аумалы-төкпелі болған Әділгерей қазір өзгеріп бастаған көрінеді.
"Қайрат 40 жасын тойлағысы келмеді. Ырымға сенеді. "40 жасты тойламайды" дегенді естіп алған. Тойлай бер, ештеңе қылмайды деп айттым. Кішігірім, достарымыздың арасында тойладық. Қайрат 40-қа дейін қылмыңдады. Керісінше, 40 жас жақындағанда, уайымдап, қорқып, күйзеліске ұшырады. Жалпы, қазір күйзелісте", - деді Бақыт Тұрман.
Айта кетейік, қырыққа толған өнер иесі биыл жаңа үйіне жайғасқан болатын. Бүгінде олар үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.