Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда ұйықтап жатып оянбай қалған ер адамды әріптестері тауып алды

Павлодарда ұйықтап жатып оянбай қалған ер адамды әріптестері тауып алды
Tim Kitchen/Getty Images. Суретте: Ұйқыдағы ер адам
Павлодарда иіс тиген жігіт ұйықтап жатқанда көз жұмды.

Павлодар маңында иіс тиген жігіт ұйықтап жатқанда көз жұмды, ал оның ата-анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне cілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы хабарлайды.

KAZ.NUR.KZ-тің мәліметінше, құтқарушылардың айтуынша, оқиға 11 наурызда қала маңындағы ауылда жеке үйлердің бірінде болған. Қайғылы жағдайға пештегі ақау себеп болған. Қабырғада жарықшақ пайда болып, содан иіс үйге қарай тараған.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өрт болмағанын атап өтті.

"Қазір қысым бірде төмен, бірде жоғары, үнемі өзгеріп отырады, иіс соның салдарынан тараған. Тіпті ол жерде өрт кезіндегідей түтін де болған жоқ. Оларды ата-анасының жұмыстағы әріптестері тауып алған. Олар жұмысқа шықпағандықтан, іздей бастаған. Үйіне кіріп, болған жайтты көрген", - деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев.

Ерлі-зайыптылар оқиға орнынан ауыр халде ауруханаға жеткізілді, ал олардың 27 жастағы ұлы иіс тиіп, үйінде қайтыс болған.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар