Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бос өткізбедік": Төреғали былтыр гастрольге шыға алмаған уақытта көшеде концерт бергенін мойындады (видео)

"Бос өткізбедік": Төреғали былтыр гастрольге шыға алмаған уақытта көшеде концерт бергенін мойындады (видео)
valeryayapov.com
Танымал эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі көшеде концерт бергенін мойындады.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Атырау қаласындағы концертінде гастрольге шықпай кеткен уақытта көшеде талай концерт қойғанын айтып әзілдеді, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы.

Төреғалидің видеосы Instagram желісіндегі  zhuldyzdy_news парақшасында жарияланды. Кадрда өнер иесі тыңдармандарымен әзілдесіп жатыр.  

"Ән кешін беріп, гастрольге шықпағалы екі жылдай уақыт болған екен. Бірақ көшеде талай концертті қойдым ғой. Ортасындағы уақытты бос өткізген жоқпыз. Ондай болып тұрады. Ондай ханның қызында да болады деген сияқты. Сондай болып қалып жатыр енді. Әдейі емес. Құдайдың жазғаны, тағдырдың сценариі бойынша келе жатырмыз. Бірақ адамның ниетіне байланысты дейді. Біздің ниетіміз сол - сіздердің көңілдеріңізді көтеру, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға өзіміздің өнерімізді үйрету, паш ету, осылай сіздердің көзайымдарыңыз болып жүру. Кейде ойлаймын, құдай бізді сіздердің іштеріңіз пыспасын деп аратып қойған сияқты", - деді ол.

Әнші сондай-ақ концертіне келген тыңдармандарына алғыс айтып, кешін ары қарай жалғастырпды.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар