Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жүрсін Ерман қолдаған айтыскер 6 жылға сотталды

Жүрсін Ерман қолдаған айтыскер 6 жылға сотталды
gov.tr
Жезқазған қалалық соты айтыскер ақын Әнуар Омаровқа қатысты сот үкімін шығарды.

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы болған, айтыскер ақын Әнуар Омаровты 6 жылға соттады, деп KYN.KZ тілшісі.

Сотталушыларға облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған деген айып тағылып отыр.

Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілді.
Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар