"Табысымды аядым": Жұлдыз Өмірғали өзіне қымбат бренд сөмке сыйлады (видео)
- автор Admin
- 13 наурыз, 2024
- 3.2k
Шоу бизнес өкілі Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали туған күнінің алдында өзіне ерекше сыйлық жасағанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
İnstagram-парақшасына louisvuitton брендінің сөмкесін көрсетіп, қуанышымен бөліскен өнер иесі : "Бірінші рет өзіме бренд сөмке мен белдік сыйладым. Соңғысы болмасын. Туған күніме жасаған сыйлығым. Жылдар бойы тапқан табысымды аяп, қымбат дүние алуға жұмсамаған едім. 29 жасқа келіп, шешім шығардым. Арманым орындалды. Бірақ екітүрлі сезімде тұрмын. Бір жағынан қуанамын, екіншіден басқа дүниеге жұмсауға болатын еді деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар?! Екеуін де тек мерекелік іс-шараларға ғана ұстаймын, – деп жазды.
Айта кетейік, жақында ғана Айқын мен Жұлдыздың жаңа үйі туралы жазған болатынбыз.