"Аяқтарыңа жығылса да, қашыңдар": Түсіпбаева зорлық-зомбылық көрген қыз-келншектерге үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 наурыз, 2024
- 1.1k
Танымал әнші, актирса Меруерт Түсіпбаева 2 күннен бері қызу талқыланып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты ойын Instagram-парақшасына , деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Түсіпбаева қандай да бір зорлық көрсе, әйелдердің дереу қашып құтылуы керек екенін айтады. Оның пікірінше, адамды өзгерту мүмкін емес.
"Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер ғой. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! Болашақ стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді ештеңе көрмедім, ештеңе білмедім деп отыр. Қыздар! Ұрмақ түгілі, балағаттап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады", - деп жазды ол.