Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зал толы тыңдарман алдында әннің сөзін ұмытып қалған Жүнісова, елді күлдірді (видео)

Зал толы тыңдарман алдында әннің сөзін ұмытып қалған Жүнісова, елді күлдірді (видео)
Tengrinews.kz. Сахнада Мақпал Жүнісова.
Жүнісова: Білетін біреу барма сөзін, айтып жіберіңіздер. Алжыды деген осы...

Мақпал Жүнісованың  жеке концертінде жиналған жұртты  құрбысындай өзіне жақын тарта алатын шеберлігіне ел тәнті. Әр әннің арасындағы әңгіме концерт қонақтарын ду күлкі мен кейде көз жасқа әкелген. Құрбысына сырын ашқандай  ашық-жарқын әнші қарапайымдылығымерн елдің жүрегін баурап алады. Әннің сөзін ұмытып қалған тұста өз әзілімен жарастыра алып кететін әншінің әдеті көпшілікке тіпті ұнаған сыңайлы. Өйткені Жүнісова жасандылыққа ешқашан салынбайды. Халыққа сонысымен де ұнайды.

«Ұмытып қалдым. Бірінші сөзі қандай еді? «Анадан асыл бар ма екен?» әні ғой. Ешкім білмей ме? Алтынбек ағаға айтып берем деп қойып ем. Алжыған деген осы», – дейді Мақпал Жүнісова.

Көпшілік жанды дауыстағы, шынай жүздесуге тіптен риза болған. Жүнісоваға қолдау көрсетіп, еш айыбы жоғын жарыса айтқан.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар