"Мендей боп алсын": Әсел Асқар кезінде өзін менсінбегендерді қалай орнына қойғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 наурыз, 2024
- 1.3k
Әлеуметтік желіде өлең оқып танылған актриса Әсел Асқар Instagram-парақшасында өзін мұқататындар жайлы айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Бүгін сауда орталығынан бір адамды көріп қалдым. Кезінде көкірегін ұрып, "Барлығы мендей болып алсын" деп айқайлайтын. "Сен жай ғана блогерсің. Маған жету қайда?" деген еді. "Қол қусырып, алдыма әлі-ақ келерсің" деген. Сол кездері өмірден түңіліп, еңсемді түсіруге сәл қалған едім. Ең қиын кезең болды. Бүгін сол көкірегін ұрған адам, бір кісінің қол астында жүргенін көрдім.
"Сонша армандаған, "Мен" деген жерің осы ма" деп сұрағым келді. Бірақ тектілігім жібермеді. Жо-жоқ! Дәлірек айтсам, аяғандықтан үндемей, көрмегендей түр жасап алдым. Құрсын, ұялдырмайын дедім. Ол мені көріп қалып, көзін жерге түсірді. Уақыт шынымен барлығын өз орнына қояды екен ғой. Жәй ғана күте білу керек екеніне тағы да көзім жетті. Өзіме риза болып, шүкір дедім. Тәтті күлкі, соңғы күлгенге бұйыратынын ұмытпау керек", - деп жазды Әсел.