Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бет-аузы қан жоса: Қарағандыда көлігіне отырғызбаған жүргізушіні пышақтап тастаған

Бет-аузы қан жоса: Қарағандыда көлігіне отырғызбаған жүргізушіні пышақтап тастаған
Facebook. Суретте: Беті қан жоса ер адам
Қарағанды облысында Алматыға барғысы келген ер адам көлігіне мінгізбеген жүргізушіні пышақтап тастаған.

Әлеуметтік желілерде бет-аузы мен үсті-басы қан жоса болған адамның видеосы жарияланды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Нұра ауданы Ахмет ауылының аялдамасында бір әйел мен ер адам Астанаға бару үшін қол көтеріп тұрған. Алайда көлік жүршізушісі оларды  алмай қойған. Алайда есікті жаба бергенде ер адам оған пышақпен шабуыл жасай бастаған.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар күдіктінің ұсталғанын осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қарағанды облысы Нұра ауданында полиция қызметкерлері 14 наурызда аудан тұрғынына пышақ жарақатын салған күдіктіні ізін суытпай ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды ", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

 

.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар