Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Боран, қар: 12 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Боран, қар: 12 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Bursadabugun.com. Суретте: автожол, автокөліктер
Қазақстанның 4 облысында жолдар жабылды.

14 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 12 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысында - жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 7 автожол (қар, шектеулі көрініс)

1. "Алма-Тау турбазасына кіреберіс". (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)

2. "Алматы-Шелек-Қорғас" -Байсерке кенті-Шонжы айрығы.

3. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс кенті-Жамбыл обл.шекарасы

4. "Алматы-Өскемен" - Эко.пост-Қонаев қ.

5. "Екатеринбург - Алматы" -Күрті ауылы-Шамалған кенті.

6. "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" - Шелек ауылы-Шонжы ауылы.

7. "Көкпек-Кеген-Түп" -Аласа асуы-Кеген ауылы.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол. (қар көшкіні қаупі) 

1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары  - Ушановскок ауылы - Алтай қ.(барлық көлік түрлері үшін) 

 

Жамбыл облысы-жалпы ұзындығы 150 шақырым болатын 2 автожол.

(Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Алматы обл.шекарасы-Қордай ауылы.

2. "Алматы-Ташкент-Термез" -Кенен ауылы-Қайнар ауылы.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 210 шақырымды құрайтын 2 автожол.

(қар, боран, шектеулі көрініс)

1. "Алматы-Өскемен" -Қонаев қ.-Талдықорған қ.

2. "Сарыөзек-Көктал" -Алтын Емел асуы (мердігер"РСУ-1" ЖШС).

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 352 бірлік техника және  372 жолшы жұмылдырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар