"Роза Рымбаевадан ұят болды": Ақтауда әншінің концертіне 50 көрермен келген
- автор kyn.kz
- 15 наурыз, 2024
- 7.3k
Роза Рымбаева Ақтауда күннің суығына қарамастан ашық сахнада концерт берген. Өңірдегі ауа райының қолайсыздығы әншінің халық алдындағы жауапкершілігінің алдынде түкке тұрғысыз болып қалған. Өйткені әртіс ұйымдастырушылардың ұсынысын ысырып, "қанша адам келсе де жоспар бойынша әндерімді орындаймын" деген, деп жазды KYN.KZ тілшісі inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.
Халық әртісі 14 наурызда 15-шағынауданда өнер көрсетеді деп жоспарланған болатын. Дегенмен бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының барлық тұрғынына секундына 20 метрге жететін дауыл соғатыны туралы ескерту таратты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан әнші концертін тоқтатпай, жиналған жұрт алдында өнер көрсетті.
"Концерттен өткізгіміз келмеді, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтаулықтар бұрыннан төзімді адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт - Ақтаулықтарға деген құрмет", - деп концерт ұйымдастырушылары әншінің сөзін жеткізді, деп жазды massaget.kz порталы.
Басылым мәліметінше, Рымбаеваның концертіне "облыс орталығының 50-ге жуық тұрғыны" жиналған. Желі қолданушылар "Роза татемізден ұят болды" деп жазды.