Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда экс-сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

Қостанайда экс-сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған
Zakon.kz. Ақша, теңге,
Жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгені өз шотына аударған

Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты ұрлау схемасын анықтады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Sputnik  басылымына сілтеме жасап.

Бұрынғы жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына өз шотына аударған.

"Бұл ақша – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары", - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар