Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық құрылтай: Шетелде бізді «Ескерткіштер елі» деп атайды...

Ұлттық құрылтай: Шетелде бізді «Ескерткіштер елі» деп атайды...
Ақорда. Тоқаев, Ерлан Карин,
Бүгінгі Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қазақ қоғамында қатты белең алып бара жатқан жағымсыз тенденцияға қатысты пікірін білдірді.

Ол – ескерткіш салу мәселесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ата-бабасын ұлықтап, ескерткіш салуға тырысатындардың әрекеті ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне зиян келтіретінін мәлімдеді, деп жады KYN.KZ  тілшісі.

«Әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды.

Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды.

Ономастика саласында белгілі тарихи тұлғалармен қатар, жалпыұлттық құндылықтар да назардан тыс қалмауға тиіс. Тәуелсіздік, Республика, Бірлік сияқты мемлекеттілігіміздің басты тұғыры саналатын негізгі ұғымдарға баса мән беру керек. Елдігімізді сақтаймыз, мықты мемлекет боламыз десек, осының бәрін естен шығармаған абзал», –дейді Президент.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар