Елордалықтардың ақпандағы жылу тарифіне қатысты шағымдарынан соң, баға төмендетілетін болды, деп хабарлайды табиғи монополияларды реттеу комитеті.
"Астана-Теплотранзит" мекемесінің қызметін талдау барысында көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты негізсіз алынған табыс түріндегі заң бұзушылықтарды анықталды.
Сондай-ақ жеке субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тариф сметасындағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.
Осылайша қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 149 711 000 теңгеге жуық қаржысы тариф аясында қалпына келтіріледі.
"Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті негізсіз алынған табысты қайтару үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңға сәйкес шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушыларға жылу тарифі 8 пайызға төмендетілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




