Нұргүл Мыңғатова тойға 500 мың теңгемен шығып, қоржынындағы 5 әнді орындайтынын айтты
- автор kyn.kz
- 17 наурыз, 2024
- 8.7k
"Келінжан" телесериалы арқылы танылған Нұргүл Мыңғатова алғаш рет "Жұлдыздың шаңырағында" бағдарламасында отбасы, жеке өмірі жайлы кеңінен сұхбат берді. Ол Ұланғасыр Қамидың "Балқия әнінен кейін әншілікке бет бұрғанын айтты. Бүгінде актриса әнші ретінде тойларға шақыртуды жиі алады екен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Әкем ерте қайтыс боп кетті де, нағашы атамды «папа» деп, бесінші сыныпқа дейін сол кісінің қойнында ұйықтайтынмын. Үш жыл бұрын ол кісі де дүние салды. Балалық шағым жақсы өтті, нағашыларым жақсы тәрбие берді, қарады. Кішкентай күнімнен еңбекке араластым. Бесінші сыныптан бастап сүт саттым. Әскери қалашық болатын, соған бір қолыма 6 литр, екіншісіне 6 литр сүт алып, үйме-үй, көпқабатты үйлерді аралап шығатынмын. Бар білген орысшамды айтып, олар менің түріме, тіліме қызығатын ба еді, әйтеуір тез-тез сатып қайтушы едім. Ал кешкі сүтті көршілерге саттым. Бірақ еркін өстім, еркелетіп өсірді. Бәрі өз ретімен, мөлшерімен болатын», - деді Нұргүл.
Нұргүлдің танымалдылығы «Балқия» әнінен кейін арта түскен. Қазір ол тойларға шығып, ән де айтып жүр екен.
«Балқия» әнінен кейін «Кавер-шоу» бағдарламасына қатыстым. Ақырындап ән жаздыра бастадым. Қазір енді тойға барсам «Әнші, актриса» деп таныстырып қалады. Бірақ мен әнші емеспін. Қоржынымда бұйырған бес әнім бар, тағы жаздырсам ба деп жүрмін. Алматының ішінде 500 мыңға, ал сырт жаққа одан сәл қымбаттау бағаға барып, өнерімді көрсетіп кетемін», - деп ағынан жарылды Нұргүл Мыңғатова.