Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Былжырап жүруге болмайды": Ерке "жынды" мінезі жайлы айтты (фото)

"Былжырап жүруге болмайды": Ерке "жынды" мінезі жайлы айтты (фото)
Есмаханның Instagram-парақшасынан. Суретте: Ерке Есмахан
Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында "жынды" мінезі жайлы баяндады.

Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарымен тілдесіп, олардың қойған сұрағына жауап берді, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы. 

Instagram парақшасында бес сұраққа жауап берем деп ол алдымен салынып жатқан үй жайлы баяндады.

"Вилламыз салынып жатыр. Ол біткен соң, ойымдағыдай интерьер жасаймын деп отырмын. Ол үйге күйеуімнің де жоспары көп. Көшуге әлі біраз уақыт бар. Ең бастысы Алла қалап, сәтін салсын", - деп жазды әнші.

Осы сөзінен кейін әнші оқырмандарының келесі сұрағына жауап берді.

"Негізі жұмсақтығымның артында ашушаң, өзін қорғай алатын, айқайлап ұрысатын, қатты сөйлейтін, жынды мінезді Ерке бар. Қазіргі заманда тек майысып жүруге болмайды. Жақының да, алысың да басынып кетуі мүмкін. Сол үшін нәзіктіпен бірге басқа да қырларыңызды  баланста ұстаған жөн", - деді өнер иесі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар