2 жарым жыл жазықсыз түрмеде отырған маңғыстаулық кеден қызметкері 1 млн теңге өтемақы алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 наурыз, 2024
- 10.8k
Адвокат жалдап, кінәсіздігін Жоғарғы сотқа дейін дәлелдеу үшін қаржылай қажеттілігі туындаған ол үйі мен пәтерін сатуға мәжбүл болған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Осыншама күрес соңында Маңғыстау билерінің заңсыз шешімдері жойылды. Қазір бұрынғы кеденші түрмеде жоғалған жылдары үшін мемлекеттен моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алу және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салу құқығын алып тастау үшін күресіп жатыр.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Қарақия сотында теңіз портындағы "Құрық" кеден бекетінің қызметкері Өмірбек Нұрғалиевкек айып тағылған. Ол ҚК-нің 361-бабы ("лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") және ҚК-нің 369-бабы ("Қызметтік жалғандық жасау") бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар айыпталушы мемлекет кірісіне 1 миллиард 37 миллион теңгеден астам ақша төлеу қажет болды. Тергеушілер сотталушының 185 көлікті есептен шығару кезінде келтірген залалын солай бағалаған.