"Ұяла ма": Қытайдан келген қазақ жігіті қазақтардың орыс тілінде сөйлесетініне шүйлікті (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2024
- 663
Қытайдан оралған азамат Қазақстанға келгеннен кейінгі жағдай, бұрын-соңғы армандап-қиялдағанындай болмағанын айтты.
"Біз ол жақта тез қытайша үйреніп, қытайша сөйлесіп кетуіміз керек қой. Бірақ ол жақта екі қазақ бір-бірімен қытайша сөйлеспейміз. Ұяла ма, қанға сініп қалған ба, ұят деп есептейміз. Қытайлармен қытайша сөйлесеміз. Сосын қамшы, шапан болсын, әйтеуір қазақтың салт-дәстүріне қажетті нәрсесін алып шығып жатады", - дейді ол сұхбатында.
Жүргізуші спикердің қазақшаны мектептен үйренгенін, десе де қазір Қытайда қазақ мектебі жабылғанын айтып, қазақ тілінің тек отбасында үйренілетін тіл екеніне тоқталады.
"Қазақшаны әке-шешелері үйретеді. Демалыста ауылға апарып тастайды. Былайшы айтқанда, әлі қытайша білмейтін қазақтар жетеді. Соны енді сезініп жатырмын. Қазақ қыздармен әңгіме айтып қалсам, орысша сөйлейді. Мен түсінбеймін. Менің сөзіме күліп, нағыз қазақ көрдік қой дейді", - деді ол.