Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Чемпионат алдында кальян шегіп, ішімдік ішті": Ангелина Бақтияр Артаевтың былығын ашты (видео)

"Чемпионат алдында кальян шегіп, ішімдік ішті": Ангелина Бақтияр Артаевтың былығын ашты (видео)
Коллаж: KYN.KZ. Суретте: Ангелина Лукас пен Бақтияр Артаев
Динара Сәтжанға берген сұхбатында ол спортшылардың чемпионат алдында ішімдік ішкенін айтады.

Боксшы Ангелина Лукас тележүргізуші Динара Сәтжанның Youtube-арнасына сұхбат берді. Сұхбатында ұлттық құрамадан қалай шеттетілгенін айтты.

Сондай-ақ ол спорттағы былықтың бетін ашты. Ангелинаның айтуынша боксшылар чемпионат алдында темекі мен кальян шегіп, ішімдік ішкен.

2021 жылы тамыз айының соңында Бақтияр Артаев пен Марат Мықтыбеков базаға келді. Олар күзетпен кіріп келді. Бақтияр Артаев үнсіз ғана отырды. Ал Марат Мықтыбеков «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің атынан Анджелина Лукас ұлттық құрама сапынан шығарылсын...» деген бұйрықты оқи бастайды. Мен «Қалайша? Не үшін? Көптеген турнирлерде жеңіске жеттім» деген шокта болдым. Бұйрықта «Этиканы бұзғаны үшін» делінген. Марат Мықтыбеков бұйрықты оқып жатқанда мен жылдам диктофонымды қостым. Сосын мен оны қалай дәлелдей аламын? Ол бұйрықты оқыған соң, менің бапкерім шошып тұрып: «Сен маған командада тәртіпсіздік бар деп айтқан едің ғой», - дейді. Егер мен этиканы бұзатын болсам, онда неге біздің құрамада Азия ойындарының алдында, әлем чемпионатының алдында барлығы жиналып, сөмкелеріне тығып әкелген кальян мен темекені шегіп, ішімдік ішеді? - дейді спортшы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар