Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтын медальінен қағылған: Ясмина Тоқсанбаеваның ісі халықаралық спорт сотына жетті

Алтын медальінен қағылған: Ясмина Тоқсанбаеваның ісі халықаралық спорт сотына жетті
Сурет: olympic.kz
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ясмина Тоқсанбайдың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Жеңіл атлетика федерациясы спортшының ісі бойынша Спорттық арбитраж сотына жүгінген.

"Ең бастысы – мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу. Бір адамды ғана кінәлау қиын, бұл жерде бәрінің жауапкершілігі бар. Қазір осы мақсатта жол картасын әзірлеп жатырмыз. Соттың түпкілікті шешімі шыққан соң, кімнің қандай жауапкершілік арқалайтынын қараймыз", – деді министр.

Мырзабосынов алдағы Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшыларды қолдау маңызды екенін атап өтті.

"Алда Олимпиада ойындары бар. Ясминаның Азия ойындарындағы нәтижесі оның Олимпиада жүлдесіне таласа алатынын көрсетеді. Сондықтан федерация оған бюджеттен тыс қаражатқа сатып алынған пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ бұған дейінгі жоғары нәтижелерін ескеріп, Ясминаны мемлекеттік наградаға ұсындық. Біздің басты мақсатымыз – спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету", – деді Ербол Мырзабосынов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар