Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жартылай жалаңаш": желіде балта ұстаған ер адамның видеосы тарады (видео)

"Жартылай жалаңаш": желіде балта ұстаған ер адамның видеосы тарады (видео)
Кадрларда жартылай жалаңаш адамның басқа ер адамды жерге құлатып, балтамен ұра бастағаны көрінеді.

Қазақстандықтар адамдарға балтамен шабуылдаған ер адамның видеосын таратып жатыр. Полицейлер бұған қатысты пікір білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Massaget.kz-тің мәліметінше, қазақстандықтар мессенджерлерде ер адам досымен жанжалдасып, төрт адамды өлтірді деген аудиохабарламалар мен видеолар таратып жатыр. Хабарлама авторлары бұл оқиғаның Семейде болғанын айтады.

Кадрларда жартылай жалаңаш адамның басқа ер адамды жерге құлатып, балтамен ұра бастағаны көрінеді. Ал тағы бір видеода ер адам баспалдақ астында ер адамның үстінде мініп алғаны көрсетілген. Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар болғандықтан, редакция бұл видеоны жарияламайды. 

Бұл туралы Абай аудандық полициясы пікір білдірді.

"Абай ауданының полиция департаменті бұл дерек бізге беймәлім екенін және оның Абай ауданына еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар