"Көшіп қаша алмайсың": Мәдина Сәдуақасова жер сілкінісінен қорқатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2024
- 989
Танымал эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова “Жер сілкінісінен қорықтыңыз ба?” деп сұрақ қойған желі қолданушысына жауап берді.
Садуақасова әңгімесін жер сілкінісі болған күннен бастады.
“Адам баласы табиғат апатынан қорқады. Қорқу керек. Сейсмологиялық қауіпті жерде өмір сүретіндерді Алла сақтасын! Басқа амал жоқ. Көшу – “не вариант”, – деп жауап берді ол.
Айта кетейік, әнші Алматыдағы жер сілкінісінен кейін туған жері Қызылорда қаласынан пәтер сатып алған еді.
“Мені Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді. Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым”, – деп жазған болатын.