"Алау өз әлемінде": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен тіл табыса алмай жүргенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2024
- 11.5k
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының күн өткен сайын есейіп, өз көзқарасы қалыптасып келе жатқанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жұлдыз төрт баламен санасып, бір шешімге келу қиынға соғатынын, перзенттері бұрынғыдай анасының айтқанына көне қоймайтынын айтты.
"Мектепте каникул басталып, үйге қалай сыйып жатырсыздыр? Мына төртеуін қайда жіберсем екен? Қазір баяғыдай емес. Дегенге көнбейді. Өз ойы, көзқарасы, графигі бар. Әрқайсысымен санасып, әрекет етемін. Көбіне төртеуімен ортақ бір мәмілеге келу қиын. Мәселен Нарұл қазір ат спортына қатты қызығып жүр. Жаттығуға күн сайын елден бұрын барып алады. Қайтқысы келмей, аттарды баптап, ер-тоқымын сүртіп жүріп алады. Күзден бері біраз нәтижеге жетті. Бастысы өзі мәз. Алау болса өз әлемінде, Ханды дегеніне көндіріп жүр", - деп жазды Әбдікәрімова.