Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жаман ойлардан арыл": баласы жоғалып кеткен павлодарлық ана видеоүндеу жасады (видео)

"Жаман ойлардан арыл": баласы жоғалып кеткен павлодарлық ана видеоүндеу жасады (видео)
"Мен сені күтемін, үйіңе оралшы" дейді анасы.

13 наурызда жоғалып кеткен 29 жастағы фармацевт павлодарлық Азамат Исмурзиновтың анасы ұлынан үйіне қайтуын сұрап, видеоүндеу жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бейнеүндеу еріктілер тобының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. 

"Азамат, балам, өтінемін тыңдашы мені, үйге кел. Барлық проблема шешіледі. Бәрін шешеміз, бәрін жасаймыз. Мазалаған жаман ойлардан арыл. Үйге қайтшы, не болмаса сенде бәрі жақсы екенін білдіріп бір хабар берші, балам. Түсінші мені, жаның ауырып, жүрегің сыздап жатыр ма, білемін, бірақ мен де жанымды қоярға жеп таппай отырмын. Мен сенсіз өмір сүре алмаймын. Ұйқы да жоқ, тамақ та батпайды. Маған хабар берші. Балам, үйге қайт, мен сені күтемін, бәріміз сені күтеміз. Түсінесің бе, саған ана ғана көмектесе алады, ана бұл сөзде бәрі бар, ұлым. Мен сені күтемін, үйіңе оралшы", –дейді әйел видеоүндеуде. 

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерді +7 747 615 55 63 (Катерина) нөміріне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуға болатынын еске салды. Еске сала кетейік, құқық қорғау органдарына 16 наурызда павлодарлық 29 жастағы фармацевттің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Олардың айтуынша, Азамат Исмурзинов 13 наурызда үйінен шығып кеткенде, өзімен бірге тек рюкзак пен ноутбук алып кеткен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар