Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақ қан ауруына шалдыққан журналист көмекке зәру

Ақ қан ауруына шалдыққан журналист көмекке зәру
Фейзбук. Есенжол Елекенов.
Есенжол Елекенов "Уральская неделя", "Мәлім" сайтында журналист, редактор болып жұмыс істеген.

Қазақстандық журналист  Есенжол Елекенов ауыр дертке шалдыққан. Оның еміне қазір 13 млн. теңге қажет. Әріптесері  Есенжол Елекеновты қолдап, көмек қолын созуда. Бұл туралы журналист Манас Қайыртайұлы желідегі парақшасына жазды.

"Ауру-сырқау кімнің басына келмейді? "Уральская неделя", "Мәлім" сайттарында істеген журналист әріптесіміз Есенжол Елекенов лейкомия дертіне шалдығыпты. Екі рет тексерілгенде де осы диагноз шыққан. Енді емделуге 13 млн теңге қаражат қажет. Осы соманы түгел жинап тастамасақ та, Есенжолдың төмендегі шотына қолдан келген көмегіңізді жіберсеңіз. Ақша аудара алмай тұрсаңыз, ақпаратты бөлісіп, таратып, атсалысыңыз. Алдын ала рақмет айтамын!",-деп жазды журналист  Манас  Қайыртайұлы.

Есенжолдың реквизит, шоттары:

Kaspi телефоны: 8 778 937 47 47

Kaspi картасы: 4400 4302 8113 6843

Халық банк картасы: 4405 6398 1029 9642

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар