Басты жаңалықтар
Үкімет басшысы Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды
- автор kyn.kz
- 24 наурыз, 2024
- 547
Олжас Бектенов Ресей елшілігіне барып қайтты
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі "Крокус Сити холл" ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан үкіметінің басшысы Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.
Келесі мақала