Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні
Михаил Голенков. Аза тұту плакаты.
Ресей тарихында отызыншы рет аза тұту күні жарияланып отыр

РФ президенті Владимир Путин 24 наурызды Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылды.

Мәскеуліктер трагедия болған жерге гүл шоқтарын апарып, қаза болғандардың рухына тағзым етіп жатыр.

 

Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған.

Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті.

11 адам ұсталды, олардың ішінде 4 террорист "Крокустағы" терактіге тікелей қатысқан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар