Қоғам
Алматы облысында түс ауа үйінен шығып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2024
- 1.0k
Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны көмек сұрап хабарласқан.
Алматы облысы Күш ауылында жоғалып кеткен 3 жасар қыз бала әлі табылмады, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
"Жоғалған бүлдіршін қыз әлі табылған жоқ", - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге салайық, 17 наурыз күні сағат 21.30-да Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 3 жасар қыздың жоғалғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны көмек сұрап хабарласқан. Әйел сол күні сағат 16:00-де үш жасар қызының үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Оқиға аудандық полицияда тіркелді.