Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Басынан орындықпен ұрған": Ақтөбеде сарбазға қол көтерген командир қызметінен қуылды

"Басынан орындықпен ұрған": Ақтөбеде сарбазға қол көтерген командир қызметінен қуылды
azh.kz. Суретте: сарбаздар
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұған дейін сарбаздың басынан орындықпен, сойылмен ұрған ақтаулық командирдің қызметінен қуылғанын айтты, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы. 

Тергеу шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

“Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен Қарулы күштердің қатарынан босатылады”, – деп мәлімдеді министрлік. 

Сондай-ақ министрлік құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын,  барлық жағдай Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті. Заң бұзғандар құқықтық және тәртіптік жазаға тартылады. 

Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге билігін асыра пайдаланғаны жайлы ақпарат тараған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар