Қоғам

"Сүйектен етті ажыратып тастаған ғой": күйеуін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген келіншектің көршісі тың деректер айтты (видео)

Күйеуін өлтірген келіншек мәйітті 3 күн бойы үйінде сақтаған.

Түркістанда былтыр 9 тамызда күйеуін бөлшектеп тастап, мәйітін өзенге ағызып жіберген 35 жастағы келіншектің көршісі Серік Хасанов "Көреміз" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Іздеу инспекторлары судан денелерін тауып келген кезде басы-қасында болдық. Адам істейді деп ойлай алаймын бірақ ше. Сүйектен етті ажыратып тастаған ғой.Еттерін бөлек-бөлек бөліп тастаған. Адам еті деп ешкім ойламайм. Тоқпан жілік сияқты. Етін сыпырып тастаған", - дейді көршісі Серік Хасанов. 

Еске сала кетейік, оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған. 35 жастағы келіншек 14 жыл отасқан күйеуін аса қатыгездікпен пышақтап, денесін балтамен бөлшектеген. Жасаған қылмысын жасыру үшін мәйітті екі бөшке мен шелекке салып, өзенге ағызып жіберген. Марқұмның туыстары «келіншектің мұндай сорақылықты жалғыз істеуі мүмкін емес», - дейді.
Күйеуін өлтірген келіншек мәйітті 3 күн бойы үйінде сақтаған. Иісі шыға бастағанда, көршісінен көмек сұрапты. Алайда Руслан Хасенов бөшкенің ішінде адам денесі жатыр деп ойламаса керек… 

Наурыз айында келіншекке сот үкімі шықты.