Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Не керек соған өлең шығарып»: жақында ажырасқан Балжанның «Қателігімсің» атты жаңа әні талқыға түсті (видео)

«Не керек соған өлең шығарып»: жақында ажырасқан Балжанның «Қателігімсің» атты жаңа әні талқыға түсті (видео)
"Қателігімсің" клипінен скриншот. Коллаж: KYN.KZ. Суретте: Балжан Бидаш
Жахан Отарғалиев те жақында фильмі шығатынын айтып қалған.

Эстрада жұлдызы Балжан Бидаш жақында ғана күйеуі Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткен болатын. Әншінің жаңа шығармасы көпшіліктің қызу талқысына түсіп жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Өнер иесі 4 сәуір күні көпшілікке жол тартатын "Қателігімсің" әнінің клипінен үзіндіні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Бұны көрген желі қолданушыларының бірі әншіге сәттілік тілеп, керемет туынды екенін жазса, еді бірі «Не керек соған өлең шығарып» деп бұл әнді Жаханға арнап жазғанын топшылап жатыр. 

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев те жақында фильмі шығатынын айтып қалған. Онлайн платформадағы сұхбаттарының бірінде ол "қанша баласы бар болса да үйлене берер едім" деген пікір айтып қалды. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар