Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бет аузы көгерген": Салтанаттың ағасы сотта қарындасының соққыға жығылған фотосын көрсетті

"Бет аузы көгерген": Салтанаттың ағасы сотта қарындасының соққыға жығылған фотосын көрсетті
Жоғарғы сот. Суретте: Айтбек Амангелді
Бұл суретті марқұм Салтанат Нүкенова ағасына жіберген.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта қарындасының соққыға жығылған фотосын көрсетті, деп жазады Orda.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Бұл суретті марқұм Салтанат Нүкенова ағасына жіберген.

29 наурызда сағат 10:00-де азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы  басталды.

Бүгін сот сұрақтарына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп жатыр. Ол сотта қарындасының Бишімбаевтан таяқ жеп, көзі, беті көгерген фотосын көрсетті. Жәбірленуші бұл фотоны әуелі сотқа, айыпталушы тарапқа, содан кейін алқабилерге ұсынды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар