Салтанаттың ағасы жаңа жыл кешінде Бишімбаевтың әкесіне "өмірімді құртқан сен" деп айқайлағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 наурыз, 2024
- 9.9k
Астанада өтіп жатқан Салтанат Нүкенованың сотында марқұмның ағасы қарындасының Қуандық Бишімбаевты о баста ұнатпағанын, кейін жаңа жыл кешінде дастарханда Бишімбаевтың кеш шырқын бұзғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бишімбаевты алғашында Салтанат ұнатпаған. Алайда, қыр соңынан қалмай, телефон нөмірін алыпты. Ақыр соңында Салтанат құрбысына Баку қаласына барғанда оның көңілін тауып, сол жақтан қыз бен жігіт боп оралған. Салтанат ағасына оның жақсы адам екенін айтып бақса да, Қуандық ағасымен таныспау үшін қолдан келгенін аянып қалмаған.
Сот залында сөз алған Салтанаттың ағасы Айтбек жаңа жыл дастарханында қарындасының қолы дірілдеп тұрғанын, Қуандықтың «менің әкелген сыйлығымды неге таратасың» деп айқайлағанын, оны әкесі басуға тырысқанда «менң өмірімді де, анамның өмірін де құртқан сен» дегенін, тоқтатуға тырысқан анасына да ауыр сөздер сөйлегенін айтты.
Айтбек сол күні достырарымен кездесуі керек екенін айтып кетіп қалған. Есіктен шығарда Қуандықтың анасы құшақтап кешірім сұрапты. «Анасын сол кезде қатты аяп кеттім» дейді ол. Ертесі 1 қаңтарда қарындасына телефон шалып сөйлескенде Салтанат Қуандықтың дастарханды төңкеріп жібергенін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Салтанаттың ағасы қарындасының бет-аузы көгерген суретін сот залындағыларға көрсеткенін жазған болатынбыз.
Еске салсақ, бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024