Сот «Назарбаев Университетін» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 млн теңге төлеуге шешім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 наурыз, 2024
- 540
Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты «Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейді деген шешім шығарды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» РМК талап арызы қанағаттандырылсын. «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымынан мемлекеттің кірісіне 12 038 750 (он екі миллион отыз сегіз мың жеті жүз елу) теңге, мемлекеттік бажға 361 132 (үш жыз алпыс бір мың жүз алпыс екі) теңге өндірілсін, - делінген сот шешімінде.
Судья Асан Бакишевтің бұл шешімге келіспеген жағдайда апелляциялық шағым түсіруге болатынын да атап өтті.
Айта кетейік, 2021 жылдың 13 шілдесінде ҰҚК «Назарабев Университеті» автономды білім беру ұйымымен ғылыми-зерттеу жұмысын мақсатты бағдарламамен қаржыландыру туралы келісімшарт жасаған. Зерттеу тақырыбы – интеллектуалдық криптографиялық жүйелер: аппарат-бағдарламалық әзірлеме. Зертеу мерзімі – 2023 жылдың аяғына дейін. Жалпы жобаны қаржыландыру көлемі 120 383 750 теңге болған. Келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіктірілгені үшін университет ҰҚК-ге осы соманың 10 пайызын айыппұл ретінде төлейтін болған.