Басты жаңалықтар
Президент бүгін Қытайдан келе салысымен су тасқынына қатысты жиын өткізеді
- автор kyn.kz
- 30 наурыз, 2024
- 851
Қазақстанның алты өңірі су тасқынынан зардап шегуде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.
Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.