Үш жасар егіздерді зорлаған өгей атаға қатысты сот шешімі шықты
- автор kyn.kz
- 30 наурыз, 2024
- 1.8k
Алматы облысында үш жасар егіздерді зорлаған қаскөйге сот шешімі шықты. Бүлдіршін қыздарға зәбір көрсеткен Арслан Қыдырбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаршадай немерелерін көңілдесінің қойнына салып берген әйел де 25 жылын түрмеде өткізуге тиіс
Еске салсақ, Бақанас ауылында үш жасар егіз қыздардың зорланғаны былтыр күзде белгілі болды. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ, қауіпсіздігіне де ешкім бас қатырмаған. Соны пайдаланған әжесінің 43 жастағы көңілдесі әуелі біреуіне, кейін екіншісіне зәбір көрсеткен. Ішімдікке сылқия тойып алған Арслан Қыдырбаевтің қойнына қыздарды өз әйелі салып берді деген күдік ақыры сотта дәлелденіпті. Егіздермен қоса, қаскөйдің қорлығын осы үйдің жеті жастағы басқа қызы да көргені кейін белгілі болды. Сотта екеуі де кінәсін толық мойындаған.
"Сотталушы К. аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы А. аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды",—дейді Алматы облысы сотының баспасөз хатшысы Маржан Әлімбетова.