Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қараталдықтар: кәсіпкерлер берген бір ыстық тамақты шенеуніктер "отчет" үшін қайта-қайта түсіріп, берекемізді қашырды(видео)

Қараталдықтар: кәсіпкерлер берген бір ыстық тамақты шенеуніктер "отчет" үшін қайта-қайта түсіріп, берекемізді қашырды(видео)
видеодан стоп кадр
Тұрғын: Таңнан бері әкем мен інім тастың үстінде бірін-бірі қапсыра құшақтап көмек күтіп отыр.

Ақтөбедегі  Қаратал ауылының 315 тұрғыны мектепке жайғастырылған. Олардың сөзінше ауылда ондаған  адам үй шатыры мен биік тастарда көмек күтіп тұр. Тікұшақ қонатын жер жоқ. Мектепке жиналған халық ашулы. Өйткені оларға "көмек берілуде" деген ақпарат таралғанымен шын мәнісінде тамақ пен жылы төсекке жарымай отырмыз дейді. Одан қалды мектептің өзіне де су кірген. Тұрғындар екінші қабатты паналап жүр, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Әкімдердің өтірік отчеттары тағы басталды ма???
Ақтөбе өңіріндегі оқырмандарымнан келген хаттарды оқып, видеоларды көріп жағамды ұстадым. Қайта ауыл тұрғындары момын екен. Қиын жағдайда өз халқына жаны ашымаған адамның дұшпаннан айырмасы не?

Қаратал ауылындағы су басқан мектепте дәл қазір 315 адам бар. 167 адам үйлерінде қалып қойған, қазір жағдайлары қандай екені белгісіз. Адам жақындап бара алмайды, вертолет қона алмайды.

Мәселен, Гүлжан есімді оқырманымның әкесі мен інісі таңнан бері бірін-бірі қапсыра құшақтап тастың үстінде тұр. Дәл осылай шатырдың, шөптің үстінде  көмек күтіп отырған 100-ден аса адам бар.Президент келді ма екен Қытайдан кім біледі? Премьер болса Петропавлда жүр.
Осы өңірден сайланған депутаттарды білсеңіз белгілей кетіңіз!",-деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай халық өзіне жіберген видеоның астына.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар