Шенеуніктердің шалалығы: Тоқаев қатаң сөгіс жариялады
- автор kyn.kz
- 31 наурыз, 2024
- 720
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.
Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.
Жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін саясаттанушы Оразғали Селтеев әкімдер халықтың үмітін ақтамағанын айтқан болатын.