Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда оқушылардың төртінші тоқсанды қалай бастайтыны айтылды
- автор kyn.kz
- 31 наурыз, 2024
- 1.3k

Ақтөбе облысында эвакуациялық бекет деп танылған және суға кеткен немесе суға кету қаупі бар мектептерде сабақ қашықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан 1 сәуірде оқу процесінің қалай ұйымдастырылатынын хабарлады.
— Эвакуация пунктері ретінде қызмет етіп жатқан білім беру ұйымдарында оқу процесі — қашықтан, ал басқа су қаупі төнбеген мектептерде сабақ қалыпты жағдайда өтеді, — деді ол.
Онда барлығы 3 мыңнан астам адам бар болса, оның тең жартысы — бала.
Сонымен бірге суға кеткен және суға кету қаупі бар мектептер тізімінде Ойыл ауданында 14, Темірде 5, Қобдада 6, Хромтауда 2 мектеп бар.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының Қобда, Мұғалжар, Темір ауданында және Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда екі жігіт түнгі уақытта бойжеткенді алып қашпақшы болды (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2025