Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жауын-шашын, тұман: елімізде 1 наурызда ауа райы қандай болады?

Жауын-шашын, тұман: елімізде 1 наурызда ауа райы қандай болады?
www.matematiksel.org. Суретте: жаңбыр, қолшатыр
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел секундына 5 метрге күшейеді.

"Қазгидромет" синоптиктері 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -14...-16 градус, күндіз -3...-5 градус.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел секундына 5 метрге күшейеді. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз 0...+2 градус.

Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алаколь көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысы

29 ақпанның сағат 21.00-ден 01 наурыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Қостанай облысы

01 наурызда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі.

 Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 01 наурызда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.

 Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жезқазған қ.: 01 наурызда тұман түседі.

Қарағанды облысы

01 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қ.: 01 наурызда тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 01 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 28 ақпанда – 01 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: 28 ақпанда - 01 наурызда кей уақыттарда тұман түседі. 01 наурызда күндіз кей уақыттарда көктайғақ болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар