"Әкімге хабарлассақ, лақпай жайыңа отыр дейді": су басқан Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны 5 баласымен далада қалған (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 сәуір, 2024
- 828
Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Қызыл жұлдыз ауылы тұрғыны, 5 баланың анасымын деген келіншек "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келіпті, деп жазады KYN.KZ тілішісі.
"Арайлы Арқалық" ютуб арнасында жарияланған видеода келіншек түнгі сағат 3-те тікұшақпен әкеліп тастай салғанын, таңға дейін жаңа туған баласына тамақ та тауып бере алмағанын айтады.
"Көлігіміз ол су астында қалды. Жұмысымыз не болады? Бала-шағамызды немен асыраймыз? Ауылда неге жұмыстар жүргізілмеді? Ауылдың әкімі қайда? Неге есеп бермейді? Қауіпті аймақта тұрғанын біледі ғой. "Үйге су кірді" деп әкімге звондасақ, "лақпай жайыңа отыр" дейді.
Біреуі мобилограф екен – ТЖМ-ның адамы ғо деймін. Апай, аман-есен жеттіңіздер ғой. Бізге күшті «отзыв» берсеңіздер дейді. Бізде «паника, нервы потолок» болып тұрған адамдар – не деп мен оған мақтау сөз айтуым керекпін!? Ойбай, бізді құтқарып алды, жағдай жақсы деуім керек пе?! «Сіздер жақсы отзыв берулеріңіз керек, біз инстаграмға жариялаймыз» дейді. Анау жерде бала-шағамызбен дірілдеп, қалшылдап, аяғымыз шылқылдаған су, бір қабат киіммен тұрдық. Мынадай жағдайда қалай сабырлы боламыз. Әкім келуі керек еді», - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Тәшімов Қызыл жұлдыз ауылының тұрғындары бірі қалмай, қалаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024