Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астаналық әйел сау баласын ауру деп желіде ақша жинап, 2 көлік, қымбат пәтер сатып алған

Астаналық әйел сау баласын ауру деп желіде ақша жинап, 2 көлік, қымбат пәтер сатып алған
коллаж kyn.kz
Ол желідегі парақшасын дамыту үшін 150 мың теңге жұмсаған.

ҚР Қаржылық мониторирг агенттігі өкілі Әлібек Абдиловтың "Талқы" бағдарламасында өзінің “ауру” баласына емге деп ақша жинаған астаналық келіншек туралы айтты.

4 жылда 1.7 млрд теңге жинап оған өзіне және күйеуіне автокөлік, Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

“Астана қаласының тұрғыны инстаграм әлеуметтік парақшасы арқылы өзімнің 2019 жылғы ұлымды емдеймін деп ақша жинаған. Бала ресми түрде мүгедектік есебінде тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап, оған 360 мың пайдаланушы 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажет ақша 50 млн теңге. 

Инстаграм әлеуметтік желісін дамыту үшін күніге 150 мың теңге жұмсап отырады екен. Осы үшін 333 млн теңге жұмсады. 

Жиналған 127 млн теңгесі қолма-қол ақша ретінде банктен алынған. Тауарлар мен қызметтен үшін 101,5 млн теңге алынған. Бұл түк емес. Астана қаласында 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Өзіне 2021 жылы шыққан Toyota маркалы автокөлігін, күйеуіне 2021 жылы шыққан Lexus маркалы автокөлігін сатып алған. Бұл азаматша 2014 жылдан бері, күйеуі 2021 жылдан бері ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. 

Аттарында ешқандай кәсіпкерлік жоқ. Баланы емдеу үшін Мәскеуге барып, 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. Жалпы баланың еміне 6,4 млн теңге жұмсаған. Бұл жиналған ақшаның 3-ақ пайызы,- дейді Әлібек Абдилов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар