Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды
qaz-media.kz. Суретте: Әлихан Смайылов
Бұған дейін бұл қызметте Наталья Годунова болған.

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарында.

Бұған дейін бұл қызметте Наталья Годунова болған. Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарды.

6 ақпанда ел үкіметі отставкаға кетті. Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жылдары — ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰХ президенті.

2009–2014 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар