"Жақсы еркектен ешкім ажырасқысы келмейді": Түсіпбаева Бишімбаевтың ісінен кейін қорқып қалғанын айтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 сәуір, 2024
- 18.9k
Эстрада жұлдызы, үнемі сахнаға еркелеп шығатын Меруерт Түсіпбаева Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінген бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікірін білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бишімбаев жайлы сөз қозғаған Меруерт Түсіпбаева ер адамның өз биіктігінде қалуы кереген айтты.
"Жауыз емеспін деп айтып жатыр ғой. Жақсы еркектен ешкім ажырасқысы келмейді. Жақсы еркектердің барлығы бастары бос емес. Ал енді бастары бос болса, 2 баласын тастап, ажырасып кеткен болса, онда бұның астарында бір гәп бар деген сөз", - деген ол соңғы оқиғалардан кейін ер адамдарға қарсы бір қорқыныш пайда болғанын, той-томалаққа барғанда үнемі келіншектердің күйеуіне қарап, «ұра ма екен» деген ой санасынан айналшықтап шықпай қоятынын жасырмады.
Еске салсақ, бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.